Биыл мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Министр Саясат Нұрбек министрлікке әкімшілік арыз түсірген талапкерлердің талабы орындалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекеттік грантты иесі. Жалпы, іс өз-өзімен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда, сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің және мемлекеттің грантын алған. Енді тек соттың шешімімін күтеміз, – деді Саясат Нұрбек Ақордада.
Журналист министрге “сізді сотқа бергендердің бәрі грант иеленді ме сонда?” деп сұрады.
Иә, дәл солай, – деп жауап берді ведомство басшысы.