ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек CERN халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Шарлотта Варакаулемен және CERN халықаралық қатынастар бөлімінің кеңесшісі Тадеуш Куртыкамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институты өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде қазақстандық ғалымдардың ғылыми эксперименттерге қатысуы, CERN-дегі қазақстандық мамандарға арналған оқыту және тағылымдама бағдарламаларын қамтитын екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.
Ведомство басшысы CERN-мен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті, оның шеңберінде қазақстандық ғалымдар мен зерттеу институттары CERN-нің әртүрлі ғылыми бағдарламаларына, мысалы, Үлкен адрон коллайдеріндегі эксперименттерге қатысу мүмкіндігіне ие, бұл озық білім мен технологияларды Қазақстанға беруге ықпал етеді.