Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Саясат, экономика, климат: AIF-2025 форумы өз жұмысын бастады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
29 Мамыр 2025, 10:10
613
Бөлісу:
 автордан
VIDEO
Фото: автордан

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен AIF-2025 форумы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум 29-30 мамыр күндері өтеді. Ауқымды іс-шараны бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.

Астана халықаралық форумы – Орталық Азиядағы ең ірі диалогтық алаңдардың бірі. Форум аясында әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелер – сыртқы саясат, экономика және қаржы, қауіпсіздік, тұрақты даму, энергетика және климат тақырыптары талқыланады.

Форумға шетел үкіметтерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар, бизнес және академиялық орта көшбасшылары қатысады.

AIF – түрлі саланың сарапшылары мен шешім қабылдаушы тұлғалары үшін жаһандық ынтымақтастық пен жаңа серіктестіктерді дамытуға арналған маңызды платформа.

Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 10.30-да басталады.

Өзгелердің жаңалығы