Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Еуропа лигасының екінші турында «Астана» мен «Партизан» кездеседі. Осы ойынның алдында «Партизан» командасының бас бапкері Саво Милошевичтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтеді.
- Біз бүгін жаттығу өткіздік. Футболшылардың бәрі қатарда. Өте қиын матчқа дайындалып жатырмыз.
- Қазақстанға ұзақ жол жүріп келдіңіздер. Қалай жеттіңіздер?
- Адаптация жоспар бойынша өтіп жатыр. Матчқа дейін әлі де уақыт бар. Кішігірім проблеманың бәрі шешімін табады деп ойлаймын.
- «Астана» сапында кімді ерекше атап өте аласыз?
- Томасов, Маевский секілді ойыншыларды айтуға болады. Жеке шеберліктері өте жоғары. Бұл жерде жеке ойыншыларды емес, «Астананы» команда ретінде ерекше айтуға болады.
- Матч жасанды алаңда өтеді. Осыны ескерсек, ойынға болжамыңыз қандай?
- Бұл ойында жеңілмейміз дегенге сенгім келеді.
- «Партизан» 100% өз мүмкіндігін көрсете ме? Әлде сақ ойнауға тырыса ма?
- Біз ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Кез келген команданың өз философиясы бар. Әрине, біз қарсыластың әлсіз тұстарын іздеп көреміз. Бірақ команданың ойын философиясы кез келген жағдайда өзгермейді.