Сәуірдің тосын мінезі: Астанада қар жауса, Алматыда күн ысиды

Астанада қар аралас жаңбыр мен тұман күтіледі, ал Алматыда ауа +24-ке дейін жылынады. Синоптиктер үш күндік болжамды жариялады.

 pexels.com Бүгiн 2026, 18:19
Бүгiн 2026, 18:19
142
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 8, 9 және 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада жаңбыр мен қар күтіледі

Синоптиктердің болжауынша, 8 сәуірде елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +15…+17 градус.

9 сәуірде де күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Температура түнде +6…+8, күндіз +13…+15 градус шамасында болады.

10 сәуірде ауа райы күрт өзгеріп, түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Температура түнде +1…+3, күндіз +8…+10 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда жылы, бірақ найзағай болады

8 сәуірде Алматыда жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы сақталады. Жел батыстан соғып, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +22…+24 градусқа дейін көтеріледі.

9 сәуірде қалада қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Температура түнде +8…+10, күндіз +15…+17 градус.

10 сәуірде де түнде жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел шығыстан соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +17…+19 градус шамасында болады.

Наверх