2025 жылдың сәуірінде қазақстандықтар сегіз күн демалады. Бұл айда мемлекеттік мерекелер қарастырылмағандықтан, демалыс күндері тек сенбі және жексенбі болып қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көктемнің екінші айында мерекелік демалыс күндері болмаса да, кәсіби және халықаралық атаулы күндер бар. Олардың кейбірі кеңінен атап өтіледі, ал кейбіреуі белгілі бір сала мамандарына ғана қатысты.
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР:
6 сәуір (сәуірдің алғашқы жексенбісі) – Геологтар күні;
12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні;
15 сәуір – "Ұлттық ғашықтар күні";
21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні.
БҰҰ БЕКІТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АТАУЛЫ КҮНДЕР:
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні;
4 сәуір – Миналар қаупі туралы ақпарат тарату және минадан тазарту жұмыстарына жәрдемдесу күні;
5 сәуір – Халықаралық ар-ұждан күні;
6 сәуір – Бейбітшілік пен дамуға арналған спорт күні;
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні; Руандадағы геноцид құрбандарын еске алу күні;
11 сәуір – Фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні;
12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні (Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні);
20 сәуір – Қытай тілі күні;
21 сәуір – Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күні;
22 сәуір – Жер күні;
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні; Ағылшын және испан тілдері күні (БҰҰ);
24 сәуір – Көпжақтылық және бейбітшілік жолындағы дипломатия күні;
25 сәуір – Безгекпен күрес күні; IT саласындағы қыздар күні; БҰҰ делегаттары күні;
26 сәуір – Чернобыль апатын еске алу күні; Зияткерлік меншік күні; Радиоактивті апаттар құрбандарын еске алу күні;
28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні;
29 сәуір – Химиялық қару құрбандарын еске алу күні;
30 сәуір – Халықаралық джаз күні;
Сәуір айы қосымша демалыстармен ерекшелен бесе де, кәсіби және халықаралық маңызы бар күндерге толы болмақ.