АҚШ-тың Қытайға мұнай жеткізуі АҚШ-пен сауда соғысына байланысты жақын арада нөлге дейін төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Bloomberg жазды.
Мақалада соңғы жылдары АҚШ-тан Қытайға мұнай импортының көлемі артып келе жатқаны, бірақ Ақ үй президенті Дональд Трамптың саясатына байланысты 2025 жылы төмендей бастағаны атап көрсетілген.
Сонымен бірге, америкалық мұнай Қытайдың жалпы импортының шамамен бір пайызын құрайды, – деп жазады басылым Vortexa Ltd компаниясына сілтеме жасап.
Егер қазіргі тарифтер сақталатын болса, алдағы айларда Қытайдың АҚШ-тың шикі мұнай импорты нөлге дейін төмендеуі мүмкін, - деді Vortexa сарапшысы Иван Мэттьюс:
Сәуірдің 2-сі күні кешке америкалық көшбасшы басқа елдерден келетін импортқа өзара баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Негізгі ең төменгі мөлшерлеме он пайызды құрайды, бірақ әрбір ел үшін тариф америкалық тауарларды импорттаушы компаниялардан алатын тарифтің жартысы болып есептелінетін болады.
Бір күн бұрын Трамп АҚШ-тың 75-тен астам елге жаңа тарифтер енгізуді 90 күнге тоқтатқанын хабарлады.
Өткен аптада АҚШ Қытайға 54 пайыздық баж салығын енгізсе, Бейжің жауап ретінде америкалық тауарларға 34 пайыздық баж салығын енгізді. Вашингтон өз кезегінде мөлшерлемені 104 пайызға, ал Қытай нәтижесінде 84 пайызға дейін көтерді. Сәрсенбі күні Ақ үй басшысы Дональд Трамп Қытайға арналған тарифтерді 125 пайызға дейін өсіретінін мәлімдеді.