Сауда орталығының жанындағы кран құлап кетті – Өскемен

3 Маусым 2022, 04:39
1274
Бөлісу:
Сауда орталығының жанындағы кран құлап кетті – Өскемен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс алаңындағы кранның құлауына байланысты Төтенше жағдай министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді.

Оқыс оқиға 1 маусым күні «FreshMarket» сауда орталығы ауданында, тұрғын үй құрылысы аймағында болған.

Алдын ала алынған деректерге сүйенсек, қатты желдің салдарынан кран тұрақтылығын жоғалтқан көрінеді (кранның рельсі сынып, тежегіші болмаған).

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ғимараттардың бүлінуі, зақымдануы және зардап шеккендер болған жоқ. Оқиғаның мән-жайын алдағы уақытта ШҚО бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті анықтайтын болады, - деді департаменттегілер.

Өзгелердің жаңалығы