Сауда министрлігі сот арқылы азаматтарды 6,5 млн теңгеге алдаған коучты жеңді

Бүгiн, 17:47
164
Бөлісу:
Сауда министрлігі сот арқылы азаматтарды 6,5 млн теңгеге алдаған коучты жеңді
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу курсына қатысты шулы іс соңына жетті. Сот істі тендер арқылы қомақты ақша табуды үйренемін деп, қаржысынан айрылылған тұтынушылардың пайдасына шешті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс Жұлдыз Ідірісованың Жетісу облысы Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сапасыз курсқа шағымдануынан басталды. Оқиғамен танысқан тепартмент мамандары өткен жылы бұл туралы әлеуметтік желілердехабарлап, азаматтарды қабылдау өткізді. Артынша тағы да осы коучтың жұмысына шағымданған 8 азаматтың шағымын қабылдады.

Департамент жүргізген жұмыс нәтижесінде кәсіпкер коутың салық кодексін елемей, ресми келісім-шарт жасаспағаны, төлем кезінде фискалды чек бермегені белгілі болды. Коуч уәде етілген 1 айлық курстың 3-4 дәрісін өткізіп, оқу процессін тоқтатқан. Бұл ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңының 13 бабын өрескел бұзу болып саналды. Салдарынан азаматтар оқудан да, қаржыдан да қағылған. Оқушылар арасында тендерден тез ақша табуға үміттеніп, несие рәсімдегендер де бар.

Департамент тұтынушыларға кәсіпкер атына сотқа дейінгі талап жолдауда құқықтықтық көмек көрсетті. Оған кәсіпкер 10 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Алайла кәсіпкер жауап бермей, департамен жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеріс ашты, - деді Департамент басшысы Айдос Дәуешов.

Тексеріс барысында сапасыз қызметтен зардап шеккендердің саны 18 адамға дейін артып, Жетісу облысының тұрғындарынан бөлек Алматы, Қостанай облыстары мен Астана қаласының тұтынушылары да шағымданды. Нәтижесінде жалпы шығын көлемі 6 593 000 теңгеге дейін артты. Департамент 10-нан астам тұтынушының заңды мүдделерін қорғау мақсатында Талдықорған қаласы сотына талап арыз жолданды.

Сот процесі барысында кәсіпкер коуч үш тұтынушыға 850 000 теңгеден толық көлемде, екі тұтынушыға 450 000 теңгеден бөліп төленді. Алайда сот талаптарды толық көлемде қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, барлық қатысушының мүддесін қорғады.

ҚР СИМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 2024 жылы білім саласындағы қызметтерге қатысты 877 шағым түсті. Негізінен тұтынушылар сапасыз курстар, оқытушылардың төмен біліктілігі, оқу курстарына ақша қайтарудан бас тарту мәселелеріне шағымданған.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мұндай «оңай баю» курстары шығынға әкепетінін ескертеді. Сондықтан сарапшы тренерлер туралы ақпаратты мұқият тексер, міндетті түрде ресми келісім-шарт жасасу және фискальды чектерді талап ету қажет. Күмәнді жағдайларда құқықтарыңызды қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге болады.

Өзгелердің жаңалығы