Сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуіміз керек – Татарстан өкілі

27 Қараша 2019, 13:44
4974
Бөлісу:
Сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуіміз керек – Татарстан өкілі
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Президенттік институт: Қазақстандық модель" халықаралық парламенттік конференциясында сөз сөйлеген Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин екі елдің тілі ұқсас болғандықтан, сөзін қазақ және татар тілінде араластырып айтты.

Татарстан парламентінің өкілі Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілу керектігін айтты.

Қазақстан демократиялық ел ретінде қалыптасып жатыр. Кеңестен тараған 15 елдің барлығы өздеріне осындай мүмкіндік жасай алмады. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды көшбасшылар да болған жоқ. Кеңес Үкіметі құлдыраған кезде елдердің жағдайы бірдей болды, 25 жылдан астам уақытта серпін алып, Тәуелсіз мемлекет құра алмады. Мемлекет ретінде, ішкі және сыртқы саясат, ұлтаралық келісіммен айналысып келеді. Осы істерде Елбасының жетістіктерін атап өту керек. Қарыштап дамуға осындай жағдай жасау феномен болып есептеледі. Біз – РФ субъектісі ретінде байырғы әріптестерміз. Көптеген салада субъекті түрде ынтымақтастық жасаймыз. Татарстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөнін ылғи да сый-құрметпен атап өтеді. Татарстан мен Қазақстанның ынтымақтастығы – өте мығым. Кеше премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде ынтымақтастықты дамытатын бағыттарды талқыладық. Сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуіміз керек, - деді ол.

Сонымен қатар, СІМ бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларының нәтижесінде Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды. 

Аталған конференцияның Тәуелсіздік құндылықтар, ашықтық пен теңқұқылы өзара әрекеттесу қағидаттарына негізделген саяси диалогты нығайту аясында қоғамды біріктіруге оң әсер ете отырып, ең маңызды халықаралық алаңдардың ішіндегі құрметті орынға ие болғанын ерекше атап өткім келеді... Қазір Қазақстанда президенттік биліктің толыққанды институты құрылды. Оның құрылуы мен дамуы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Елбасының стратегиялық көрегендігі халықаралық аренадағы заманауи мемлекетіміздің бүгінін анықтады. Қазақстан әлем алдында тұрақты, динамикалық дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылды. Еліміз ядролық қарусыздану саясатында үлгі болды... Қазақстан халықаралық ірі әрі маңызды құрылымдарға мүше болды. Біз әлемнің 182 елімен дипломатиялық қарым-қатынас құрдық. Бүгінде Қазақстанда шет мемлекеттің 70 елшілігі мен халықаралық ұйымдардың 30 өкілдігі бар. Сыртқы саяси қызмет ұлттық мүдденің барлық спектрі мен халықаралық проблематиканы қамтитын екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында 3700-ден астам шартты-құқықтық база құрды, - деді сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев.

Айта кетсек, қазір елордада "Президенттік институт: Қазақстандық модель" халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы