Сауд Арабиясының королі ұлын энергетика министрі етіп тағайындады

8 Қыркүйек 2019, 11:23
1754
Бөлісу:
Сауд Арабиясының королі ұлын энергетика министрі етіп тағайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет король отбасының мүшесі энергетика министрі болып тағайындалады. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд елдің энергетика министрін ауыстырды. Бұл лауазымды оның ұлы ханзада Абдель Азиз бен Салман Аль Сауд алды.

  бүгінге дейін энергетика жөніндегі мемлекеттік министр қызметін атқарған. Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет король отбасының мүшесі энергетика министрі болып тағайындалады.

Бұрынғы министр Халед бин Абдель Азиз аль-Фалех осы уақытқа дейін энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігін басқарған, бірақ 30 тамызда король жеке өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігін құратынын жариялады.

Бірнеше күннен кейін Халед аль-Фалех әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы Saudi Aramco компаниясының президенті қызметінен босатылды.

OPEC+ келісімі сәулетшілерінің бірі әл-Фалехтің Ресей Федерациясының энергетика министрі Александр Новакпен кездесуі қыркүйектің екінші аптасында жоспарланған. 12 қыркүйекте Абу-Дабиде OPEC+ Министрлердің бақылау комитетінің отырысы өтеді.

Сауд Арабиясының королі және қорғаныс министрі болып отырған мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Аль Сауд экономиканы жаңарту және жастарға жұмыс орындарын құру міндеттерін алға қойды. Осыған байланысты король Салман 2018 жылы үкіметті ауыстырып, үш жаңа министрді тағайындады.


Өзгелердің жаңалығы