Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы теміржол станциясында жарылыс болды, деп хабарлады 24.kz.
Салдарынан бес адам зардап шекті. Өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Қазір теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Эль-Харамейн вокзалы – Мекке мен Мадинаны Джидда портымен байланыстырып тұратын теміржол. Ұзындығы 450 шақырымды құрайды. Бұл жолды салу үшін жеті миллиард доллардан астам қаражат жұмсалған. Жалпы теміржол станциясы өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген.