Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды

26 Желтоқсан 2019, 13:11
2247
Бөлісу:
Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабия билігі ерте некелесуге тыйым салды. Бұл туралы Saudi Gazette елдің заң министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Жаңа заңнамада некелесудің ең төменгі жасы – 18 жас деп бекітілді. 

Елдің әділет министрі Уалид ас-Самаянидің жергілікті соттарға жіберген құжатында 18 жасқа толмаған жасөспірім некелесуді қаласа арнайы рұқсат алу керек екені көрсетілген.

Бұл жағдайда соттар ерте некелесудің адам өміріне қалай әсер ететінін анықтау үшін әрбір сұранысты талдап етіп отыруы керек.

Айта кетсек, 3 қазанда Сауд Арабиясында әйелдерге әскерде қызмет етуге рұқсат берілгені туралы хабарланды.

Қазақстанда ерлер үшін де, әйелдер үшін де неке жасы 18 деп заңмен бекітілген.

Өзгелердің жаңалығы