Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясындағы екі мұнай зауытына жасалған шабуылдан кейін қара алтынды өңдеу екі есеге қысқарды, деп хабарлады 24.kz.
Осы елдің Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, оның көлемі күніне 5 миллион 700 мың баррельге дейін азайған.
Еске сала кетейк, Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абкайк пен Хурайс мұнай кен орындарындағы зауыттарды дрондармен шабуылдап, олар өртке оранған. Абкайктегі өнеркәсіп қара алтынды өңдейтін әлемдегі ең ірі зауыттың бірі болып саналады.