Сауатты тұтынушы адал кәсіпкерді қалыптастырады – сауда министрі

23 Желтоқсан 2019, 15:05
5119
Бөлісу:
Сауатты тұтынушы адал кәсіпкерді қалыптастырады – сауда министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылы Парламентте тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заң жобасы қаралатын болады. Заң жобасын Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген. Бұл туралы ведомство басшысы брифинг барысында айтты. 

Заң жобасында өзін-өзі реттеу институты мен тұтынушылардың шағымдарына ықпал ету шараларының бұлтартпастығы есебінен бизнестің "өздігінен тазару" мәселесіне ерекше назар аударылған. 

Біз тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі тәртіпте тиімді қарау үшін құқықтық негіздер құрамыз және қоғамдық бірлестіктерінің рөлін, оның ішінде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы күшейтеміз. Сауатты тұтынушы адал кәсіпкерді қалыптастырады деп санаймыз, - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. 

Оның сөзіне сүйенсек, президентің  сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мақсатында келесі жылы қазақстандық нарықты сапасыз және қауіпті өнімнен қорғау бойынша заң шығару бастамасы дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, министрлік бағалар мониторингін, өсу себебінің талдауын және бір уақытта көп форматты сауда инфрақұрылымын дамыту барысында саудадағы "ойын ережесін" әзірлейтінін айтты.

Осылайша ведомстволардың – Сауда министрлігінің, АШМ, ҰЭМ және әкімдіктердің әрқайсысында ӘМАТ бағасына және баға тұрақтылығына ықпал ететін өздерінің арсеналының болуына қарамастан жаңа Price Scanner мобильдік қосымшасы ұсынылды. Бұл бағдарлама бағаның өзгеруіне шұғыл әрекет етуге және оларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді жедел қолдануға мүмкіндік береді деп жоспарлануда, - деді спикер. 

Қазіргі уақытта ведомство сауда саясатын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатыр. 

Министрліктің жарты жыл қызметі ішінде біз едәуір талдау жұмысын атқардық, осал, күрделі тұстарды көрдік. Олардың шешімдері Бағдарлама арқылы өтеді, - деген үкімет мүшесі 1500 стандарты әзірлеу мен органика, халал, химия және медицина бойынша зертхананың сынақ мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар екенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы