Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсіміне қатысқан Канн кинофестивалінің үздік актрисасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова салтанатты шарадан алған әсерімен бөлісті.
Оның айтуынша, жаңадан қызметіне кіріскен мемлекет басшысы жиналған қауымды өзінің сөзімен рухтандырған. Актриса әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды қолдау жөнінде айтқан бастамаларына ерекше тоқталды.
«Сауатты саясаткер және лайық президент. Өмірімде президентті ұлықтау рәсімі секілді тарихи салтанатты шарада болып көрмеген едім. Бұл – мен үшін тарихи оқиға. Барлығына өркендеу мен зор денсаулық тілеймін. Елімізде тек жеңіс болғай. Елімізге тек жақсылық тілеймін», - деді Самал Еслямова.