Сауалнама: Зейнетақы қорындағы ақшаңыз мерзімінен бұрын алуға жеткілікті ме?

5 Ақпан 2021, 18:01
3189
Бөлісу:
Сауалнама: Зейнетақы қорындағы ақшаңыз мерзімінен бұрын алуға жеткілікті ме?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салым мөлшері жеткілікті шектен асқан жағдайда, оның бір бөлігін ала алады. Заңның қабылданғанына 1 айдан астам уақыт болды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында сауалнама жүргізген едік.

Халықтың табысын, қордағы активтерінің кірісін, әл-ауқатын арттыру мақсатындағы арнайы заң аясында қала тұрғындары зейнетақы қорындағы ақша мөлшерін тексеруде. Олардың басым көпшілігі баспана мәселесін шешуді көздейді. Енді біріне банктегі қарызын өтеу маңызды болып тұр. Ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін төмендегі видеоға назар аударыңыз.


Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы