Сауалнама: Елордалықтар Тоқаевтың бастамаларына қатысты пікірлерін білдірді
Сауалнама: Елордалықтар Тоқаевтың бастамаларына қатысты пікірлерін білдірді
<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Президенттің бастамаларына қатысты елорда тұрғындарының пікірін білдік.</p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Президенттің бастамаларына қатысты елорда тұрғындарының пікірін білдік.
Өздеріңіз білетіндей, Президент Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгізіп, әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар берген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында мынадай мәселелерді көтерді: - Утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» жұмысын тоқтату; - LRT жобасы; - Депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақын өсіруге 5 жылдық мораторий; - Халықтың әлеуметтік жағдайы, табысы; - Білім саласындағы проблемалар; - Ауылшаруашылық саласы, қуаңшылық мәселесі; - Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, т.б.
Ел Президенті көтерген бірқатар маңызды мәселеге қатысты елорда тұрғындары мен қонақтары пікірлерін білдірді.