Сатыдағы оқушылар өлімі: Мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды

15 Сәуір 2023, 13:22
4384
Бөлісу:
Сатыдағы оқушылар өлімі: Мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды
Фото: mel.fm

Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Кеген ауданының Саты ауылындағы қайғылы оқиғаға байланысты мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасы өкілі атап өткендей, облыс әкімінің тапсырмасымен Білім басқармасы комиссия құрып, жедел жұмыстарды жүргізді. Арнайы іс-қимыл жоспары жасалып, бекітілді. Барлық құрылымдық мекемеге, құзырлы органдарға тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар облыс әкімдігі жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Айгүл Қанатқызы үш психологпен бірге Саты ауылындағы мектеп-лицейдің 9, 10, 11-сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Ауданда және облыста семинарлар өткізілді. Әрине, бұл өте қайғылы оқиға, - деп түсіндірді Гүлсара Исағұлова шұғыл жиында.

Сөзінше, Саты ауылындағы А. Түркебаев атындағы мектеп-лицейдің директорына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды.

Исағұлова бұл бағыттағы жұмыс бақылауда екенін жеткізді.

Бұған дейін Саты ауылындағы екі бала өлімінің мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы