Ақтөбе облысында сатушыны өлтіріп кетті

16 Тамыз 2019, 15:13
2379
Бөлісу:
Ақтөбе облысында сатушыны өлтіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамызда Ақтөбе облысы Бадамша ауылында орналасқан дүкенде сатушының денесі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

"14 тамызда Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы азық-түлік дүкенінде сатушының денесі табылды. Тексеру барысында әйелдің денесіне бірнеше жерден пышақ жарақаты салынғаны анықталды. Аталған дерек бойынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. 3 сағаттың ішінде қылмыс жасады деген күдікпен 2 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің біреуі Хромтау қаласынан болса, екіншісі Бадамша ауылының тұрғыны.

ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы