Саттар Мәжитов жаңа қызметке тағайындалды

<span style="font-weight: 700;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</span>

 30 Сәуір 2019 2019, 17:10
30 Сәуір 2019 2019, 17:10
3764

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Наверх