Сәтбаев қаласында Ерденов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын бастап, барлау жүргізді.
Құтқару барысында пәтер иесі өрт ішінен шығарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көрші пәтерден автосатының көмегімен төрт бала құтқарылды.