Сәтбаев университетінде оқушылар марапатталды

15 Тамыз 2023, 18:44
672
Бөлісу:
Сәтбаев университетінде оқушылар марапатталды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Марапаттау рәсімі 7 жас пен 16 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Жазғы ғылыми зертханалар» атты білім беру курсы аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Курстың негізгі бағыты - физика, химия, робототехника, математика және биология секілді ғылыми пәндерді насихаттауға және оларды тереңдете оқуға бағытталған. Оқушылар жаз бойы Сәтбаев Университетінің оқу кабинеттері мен зертханаларында білім алып, курс соңында өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. 

Ғылыми жобалардың қорытынды көрмесі өтіп, бүкіл курс бойы ең қызықты және академиялық жетістіктерге жеткен жобалар жеңімпаз атанды. 

Бас жүлде – Сәтбаев Университетінде тегін оқу үшін грант «Теңіз тереңдігін зерттеу» ғылыми жобасы үшін 15 жасар мектеп оқушысы Дүзелбаев Шериге берілді. 15 жасар жеңімпаз Шери Дүзелбаев бұл грантты мектеп бітіргеннен кейін пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы