Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 Қараша 2023 2023, 12:38
АВТОР
 11 Қараша 2023 2023, 12:38
11 Қараша 2023 2023, 12:38
798

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атылған ақбөкендерді қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында табылды.

Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленді.

33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Наверх