«Сарыарқа» газ құбырының 63% аяқталды

4 Қазан 2019, 19:15
2108
Бөлісу:
«Сарыарқа» газ құбырының 63% аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ұзындығы 1061,3 км болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының желілік бөлігі үшін барлық қажетті құбырлық өнімдер жеткізілді, олардың 1050 км немесе 98,9% дәнекерленген. Дәнекерлеудің орташа жылдамдығы тәулігіне – 5-6 км құрайды.

Елбасының сайлауалды бағдарламасымен, сондай-ақ Қазақстан халқына жолдауымен қойылған міндеттердің бірі - еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлерін, сондай-ақ астанамызды газбен жабдықтау мақсатында «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысын уақтылы аяқтау.

Газ құбырының бұл бөлігі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының тұрғындарын және магистральдық газ құбыры бойындағы жақын елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру үшін «Самрұқ-Қазына» қоры және «Бәйтерек» холдингі акционерлерімен «АстанаГаз ҚМГ» компаниясы құрылды. 

2018 жылғы 27 тамызда Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаржыландыру схемасы мен шарттары бекітілді.

Бұл:

- 80,3 млрд теңгені жарғылық капиталға салу арқылы акционерлер қамтамасыз етеді: «Самрұқ-Қазына» АҚ (40,15 млрд теңге) және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (40,15 млрд. теңге);

- 85 млрд теңгені «БЖЗҚ» АҚ ұсынған инвесторларға облигацияларды орналастыру арқылы тартылды;

- 102 млрд теңге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (51 млрд.теңге) және Еуразиялық даму банкі (51 млрд теңге) консорциумы арқылы инвесторларға облигацияларды шығару арқылы тартылады.

Осылайша, Жобаның құрылысының жалпы құны - 267,3 млрд теңгені құрайды.

Құрылыстың бас мердігері ретінде «КазСтройСервис» компаниясы анықталды. 

Өткен жылдың қараша айында «АстанаГаз ҚМГ» мен «ҚазҚұрылысСервис» компаниялары арасында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу туралы шартқа қол қойылды.

Бүгінгі күнге (27.09.2019ж.):

- ұзындығы 1061,3 км болатын газ құбырының желілік бөлігі үшін барлық қажетті құбырлық өнімдер жеткізілді, олардың 1050 км немесе 98,9% дәнекерленген. Дәнекерлеудің орташа жылдамдығы тәулігіне 5-6 км құрайды;

- Автоматтандырылған газ тарату станциялары жабдықтарының 80% жеткізілді;

- автоматтандырылған газ тарату станцияларын монтаждау жұмыстарының аяқталу деңгейі 63% құрайды.

Жұмыс кесте бойынша жүргізілуде, осы жылдың желтоқсан айында барлық нысандардың құрылысы аяқталады. Оның ішінде газ магистралі, 5 автоматтандырылған газ тарату станциясы, газ өлшеу станциясы және бақылау пункті. Яғни, магистральдық газ құбыры Нұр-Сұлтан қаласына белгіленген мерзімде, яғни жылдың желтоқсан айында жеткізіледі. 

Жобаны іске асыру экономикалық өркендеудің негізін құрайтын шағын және орта бизнестің дамуына мультипликативті әсер әкелетінін, сонымен қатар магистральдық газ құбыры бойындағы аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға серпін беретінін атап өткім келеді.

Сонымен қатар, табиғи газды отын ретінде пайдалану ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын азайтады, тұрғындарға жайлы өмір сүруге жағдай жасайды және жалпы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы