Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 8-14 шілде аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.