Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, өздеріне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында полицейлер ауыл шетіндегі егістік алқаптың маңында шамамен 2 жасар жылқының арыққа құлап, батпақтан шыға алмай жатқанын көреді. Содан полицейлер жылқының жанына келіп, оны шығарып алудың жолдарын қарастырады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жарты сағат ішінде ауыл тұрғындарымен бірге арқанның көмегімен тартып шығарады, - делінген хабарламада.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жайылымда жүрген малдарын күнделікті мұқият қарауларын ескертеді.