13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдай анықталуда. Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды. ️Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.