Сарыағашта аз қамтылған отбасы баспаналы болды

3 Мамыр 2023, 10:45
1090
Бөлісу:
Сарыағашта аз қамтылған отбасы баспаналы болды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сарыағаш ауданының жанашыр кәсіпкерлері Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінен аз қамтылған отбасына 4 бөлмелі үй салып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, тұрғын үй иесіне үйдің кілтін табыстады. Қоныс тойға арнайы келген аудан әкімі жомарттық жасаған азаматтарға ізгі тілегін айтып, үйдің қызыл лентасын қиып, теледидар табыс етті.

Сарыағашта аз қамтылған отбасы баспаналы болды

Бүгінгі таңда тұрғын үй толығымен аяқталған. Баспана іші жабдықталып, жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген отбасының бүгінде өз баспанасы бар. Ас үй мен қонақ бөлмесі де ерекше безендірілген. Сонымен қатар үйге қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы күнделікті жалдамалы жұмыстан табатын табыспен күн көріп келуде. Отанасы – бүгінгі таңда жұмыссыз, себебі 2 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыағашта аз қамтылған отбасы баспаналы болды

Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы баспаналы болған отбасы демеушілерге өз алғыстарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы