«Сары аймақтағы» Қарағандының эпидахуалы қалай?

18 Қаңтар 2021, 15:36
1617
Бөлісу:
«Сары аймақтағы» Қарағандының эпидахуалы қалай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр.

Облыс аумағында пандемия басталғаннан бері барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Сырқаттанушылар құрылымы бойынша жұқтырғандардың 54,9% - індет белгілері болған, белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар - 45,1% құрады.

Қазір өңірдің эпидемиологиялық ахуалы күрделі деп бағаланып отыр. Коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.

Аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет және жеке қауіпсіздік шараларын, яғни бетперде тағу, адамдардың жаппай жиналатын орындарға бармау, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану сияқты қарапайым шараларды сақтауларыңыз қажет, - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы