Жетісудағы Сарқан қаласында тұрғын үй өртенді

2 Шілде 2024, 10:08
208
Бөлісу:
Жетісудағы Сарқан қаласында тұрғын үй өртенді
Фото: автордан

Тілсіз жау 140 шаршы метр аумаққа жайылған. Өрт сөндірушілер дер кезінде қимылдап, адамдарды ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысы Сарқан қаласында жер үй мен мал қора өртеніп,тұрғындар әбігерге түскен. Күннің аптап ыстығында орын алған жалын тұрғын үйдің маңайындағы аумаққа толықтай жайылған. Көршілері өрт сөндірушелерді шақырып, көмек сұраған.

Біздің мамандар қоңырау түсе сала баруға тырысыты. Алдымен үй ішінен екі үлкен газ балонды шығарды. Себебі, ол атылса, қасындағы үйлерде отқа орануы мүмкін. Біз қазір өрттің шығу себебін анықтап жатырмыз. Ең бастысы ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір шіліңгір шілде келіп, ауа райы қатты  ыстық болып тұр. Мұндай уақытта өрттің орын алуы жиілейді. Әйнекке түскен күннің сәулесі немесе тоқтың балқуынан түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан тұрғындардан барынша сақ болуын сұраймыз, - дейді Жетісу облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасының инспекторы азаматтық қорғау лейтенатты Назерке Смағұлова.

Қазір сала мамандары алыс-жақын аудандар мен ауылдарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл ауа райы қте ыстық болуының салдарынан қызыл жалын жиі мазалауда. Орман өрті де тіркеліп жатыр. Сондықтан мамандар тұрғындарға барынша сақ болуды ескертуде.

Біз жақында тұрғын үй ғимаратында өрт-тактикалық оқу жаттығуын жүргіздік. Әріптестеріміз әбден ысылған. Біз үшін тұрғындардың аман қалғаны маңызды. Соған сай жұмыс істеуге тырысамыз. Әрине мұндай ауа райында өрттің сөндіру оңайға түспейді. Құтқарушылар эвакуациялау жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізеді. Қазір өңірде жүздеген маман талапқа сай қызмет көрсетеді, - дейді ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысының орынбасары Қайрат Назаров.

Өзгелердің жаңалығы