Сархат Бейсенова елорданың неге «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқанын түсіндірді

29 Желтоқсан 2021, 11:24
1358
Бөлісу:
Сархат Бейсенова елорданың неге «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Оған соңғы аптада ауырғандар санының өсуі себеп болған.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифингте мәлімдеді.

Соңғы аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты COVID-19 аурушаңдығы тұрақсыз деп бағаланады. Тіркелетін жағдайлардың саны күніне 65-тен 80-ге дейін ауытқыды. Соңғы аптада сыртқаттанушылар деңгейі алдыңғы аптадан 2,9 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 47,8-ді құрайды. Тиісінше, 23 желтоқсаннан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша жасыл аймақтан сары аймаққа ауысты, - деді ол.

Оның айтуынша, тәулігіне алғашқы зертхана нәтижесінде 68 адамда коронавирус бар екені расталған. Оның ішінде 59 адамда симптомдары бар, 9-ы симптомсыз. Өсімі 0,04 пайызды құрайды.

Сондай-ақ спикер вирус жұқтырғандар саны не себепті артып жатқанын да айтты.

Мереке күндерден кейін әдетте байқалатын көрініс коронавирус инфекциясын тіркеудің негізгі себептері - тұрғындардың карантин шараларын сақтамауы. Адамдар көп жиналатын жерге баруынан, бетперде киюді елемеу, пацинеттердің және байланыста болған адамдардың үй карантині режимін сақтамауынан.

Өзгелердің жаңалығы