Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов билігін асыра пайдаланған азаматтың сотталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бербергенов мерзімді әскери қызметші билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталғанын айтады.
Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті, - дейді Талғат Бекбергенов ОКҚ-да өткен брифингте.
Бұған дейін ведомство 2023 жылы тіркелген 270 сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген еді.