Сарапшылар Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады

15 Сәуір 2023, 20:03
1138
Бөлісу:
Сарапшылар Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Сарапшылар тобы аудандық және облыстық ветеринариялық зертханалардың патологиялық материалды қабылдауының жай-күйі мен дайындығын бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ветеринариялық қызметтің тиімділігін және аусыл мен шошқаның классикалық обасын бақылау бағдарламаларын бағалау үшін Қазақстанға Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары (ДЖДҰ сарапшылары) келгені белгілі.

Мамандардың міндеті өңірлерде жүргізіліп жатқан ветеринарлық дәрігерлер мен инспекторлардың жұмысын, олардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ жануарлар ауруының өршуіне ден қою кезіндегі құзыреттілігін талдау.

Сарапшылар Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады

Аусыл бойынша ДЖДҰ сарапшыларының бірінші тобы Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, ондағы дезинфекциялық техниканың, жануарлардың өлекселерін жоюға арналған инсенераторлардың, сондай-ақ құлақтандыру жүйесінің жай-күйін тексерді. Делегация Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың филиалына барып, техниканың шығуға дайындығын, сондай-ақ жануарлардың ауруы туралы сигнал алған кезде дайындығын және олардың ден қою уақытын тексерді.

Сонымен қатар, мамандар екі өңірдің бірнеше ауылдарына барып, жануарлар иелерінің ветеринарлармен өзара іс-қимылын, олардың аусыл ауруының белгілері туралы хабардарлығын, сондай-ақ ветеринарлардың білімін және жұқтырған жануарларды алғашқы тіркеу кезінде қабылданатын шараларды бағалады.

Сарапшылар Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады

Сарапшылар тобы аудандық және облыстық ветеринариялық зертханалардың патологиялық материалды қабылдауының жай-күйі мен дайындығын бағалап, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесімен танысты.

Шошқалардың классикалық обасы бойынша екінші топ өз кезегінде Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының ветеринариялық қызметін тексерді. ДЖДҰ сарапшылары облыстық ветеринариялық инспекцияларға, жеке қосалқы шаруашылықтарында, сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пункттерінде болды.

Қазақстанның өңірлеріне сапар қорытындысы бойынша ДЖДҰ сарапшылары ветеринариялық қызметтердің үйлесімді жұмысын және оларды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруды атап өтті. Сонымен қатар, мамандардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Өзгелердің жаңалығы