Сарапшы: Астана процесінің арқасында Сирия араб лигасына оралды

21 Маусым 2023, 17:57
1108
Бөлісу:
Сарапшы: Астана процесінің арқасында Сирия араб лигасына оралды
Фото: автордан

Бұл туралы Таяу Шығыс елдері бойынша сарапшы Ақмарал Баталова елордада өткен Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесуден соң берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркия – НАТО-ға мүше, ал Иран мен Ресей НАТО-ның абоненті ретінде олар да ортақ тіл табысты. Түркия мен Ресей өзара күрделі жағдайды шешті. Оған біздің Сыртқы істер министрлігі себеп болды. Бұл кездесу соңғысы еместігі белгілі. Жылдың екінші жартысында тағы да кездеседі, - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар ол Астана форматындағы Сирия бойынша халықаралық кездесудің басты жемісін атады.

Астана процесінің аясында қатысушылар саяси дағдарысты ретке келтіру жөніндегі Конституциялық кеңес құрды. Бұл кеңесті Астана процесі құрып, оны БҰҰ-ның қолына (Женеваға – ред.) тапсырды. Қазір Астана процесінің кепілгер мемлекеттері протест жариялады. Себебі Швейцария өзінің бейтарап мәртебесін жоғалтты. Сол үшін Астана процесінің қатысушылары Конституциялық отырысты басқа бейтарап елге тапсырады. Олардың қатарында да Қазақстан бар. Астана процесінің арқасында ұрыс әрекеттері тоқталды. Босқындарды қайтару мен алмасу қолға алынды. Соның ішінде, ең маңыздысы – Сирияны араб лигасына қайтару орын алды, - деді Ақмарал Баталова.

Өзгелердің жаңалығы