Саран қаласының мыңнан аса тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады

13 Маусым 2024, 12:00
759
Бөлісу:
Саран қаласының мыңнан аса тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады

Шина зауытында мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды. 

2021 жылдың сәуірінде басталған құрылыс мерзімі жағынан рекордтық жылдамдықпен салынып, 36 айдың ішінде тұрғызылды. 

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ең үлкен кәсіпорын ашылып жатыр. Бұл жерде біз жеңіл көліктерге және жүк көліктеріне арналған шина шығарамыз. Яғни, басынан бастап резинадан дайын шинаға дейін өндіреміз. Осы жылы бір 1 млн 20 мың шина шығаруға дайынбыз. Қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары аяқталды. Бұл жерде тұрақты жұмыс орындары бар. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Кәсіпорында ай сайын 37 мың шина шығару жоспары тұр. Қазір жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылы миллионнан астам шина дайындаймыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді KamaTyresKZ шина зауытының компоненттер құрастыру цехының басшысы Саян Қуанышбеков.

Зауытта қазірдің өзінде 528 адам жұмыс істейді. Оның 514-і Қазақстан азаматты болса, қалған 14 маман шетелден келген.

Зауыт толық қуатқа шыққан кезде 1125 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар кәсіпорын әкімдікпен бірлесіп көрші қалалардан келетін қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы