Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" орталығы қайта құрылады

Бүгiн, 03:45
153
Бөлісу:
Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" орталығы қайта құрылады
Фото: baq.kz

Оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат жобасы жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Орталықты құру инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-зерттеу қызметін және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етеді, – деп жазылған құзырлы министрліктің түсіндірме жазбасында.

Сондай-ақ "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын" заңды тұлғасының нысаны ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және жұмыс үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды тартуға, сондай-ақ тұтынушылардың сұраныстарына жедел жауап беру, қосымша қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл орталық 1997 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен "республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы" болып құрылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы