Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сақылдаған сары аяз: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында ауа температурасының төмендеуін болжайды. 15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы -30-40 градус аязға дейін төмендейді. Ал оңтүстікте қарлы қалың жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Астанада күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 25–27 градус аяз, күндіз 18–20 градус аяз.

Алматыда ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -4–6 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.

Шымкентте күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4 градус жылы, күндіз 8–10 градус жылы.

Ақмола облысында ауа райы жауын-шашынсыз, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -24–29 градус аяз, облыстың солтүстігі мен шығысында -35 градус аязға дейін, күндіз -18–23 градус аяз, солтүстік пен шығыста -26 градус аяз.

Көкшетауда күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 33–35 градус аяз, күндіз 20–22 градус аяз.

Алматы облысында күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4–9 градус аяз, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында -10–15 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылылыққа дейін, солтүстік пен таулы аудандарда -5–10 градус аяз.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -7–9 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз.

Жетісу облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8–13 градус аяз, облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында -15–20 градус аяз, күндіз -3–8 градус аяз, солтүстік пен таулы аудандарда -11 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 0 градус шамасында.

Талдықорғанда күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -15–17 градус аяз, күндіз -6–8 градус аяз.

Түркістан облысында түнде облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Ал күннің екінші жартысында таулы аудандарда жауын-шашын күшейеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, батыста, солтүстікте және таулы аудандарда 15–20 м/с, таулы жерлерде екпіні 23–28 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0–5 градус жылы, солтүстікте және таулы аудандарда -3–8 градус аяз, күндіз -6–11 градус жылы, солтүстік пен таулы аймақтарда 0–5 градус аяз.

Түркістан қаласында күн ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығысқа ауысады, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 1–3 градус жылы, күндіз 6–8 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында облыстың батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұман. Шығыстан соққан жел 9–14 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -10–15 градус аяз, облыстың шығысында -18 градус аяз.

Оралда күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соққан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -13–15 градус аяз.

Атырау облысында қар жауады, көктайғақ. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3–8 градус аяз, шығысында -11 градус аяз.

Атырау қаласында бұлтты, қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 4–6 градус аяз.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігі мен орталығында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с, батыс пен орталықта екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылып, солтүстік-шығысында -6 градус аяз болуы мүмкін.

Ақтауда ауа райы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 1 градус аяздан 1 градусқа дейін жылынады.

Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған қар. Солтүстік, оңтүстік және орталықта жаяу бұрқасын. Шығыстан соққан жел 9–14 м/с, солтүстік, шығыс және орталықта 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -17–22 градус аяз, оңтүстікте -13 градус аяз, күндіз -12–17 градус аяз, оңтүстікте -9 градус аяз.

Ақтөбе қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -18–20 градус аяз, күндіз -13–15 градус аяз болуы ықтимал.

Қостанай облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Батысы мен солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9–14 м/с, облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -25–30 градус аяз, солтүстікте -33 градус аяз, оңтүстікте -15–20 градус аяз, күндіз -17–22 градус аяз, солтүстікте -25 градус аяз, оңтүстікте -12 градус аяз болады.

Қостанайда ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -28–30 градус аяз, күндіз -18–20 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -33–38 градус аяз, облыстың оңтүстік-батысында -23–28 градус аяз, күндіз -26–31 градус аяз, оңтүстік-батысында -16–21 градус аяз.

Петропавлда күн жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде 34–36 градус аяз, күндіз 26–28 градус аяз.

Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соққан жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -30–35 градус аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз — 40 градус, күндіз -25–30 градус аяз, солтүстікте 33 градус аяз.

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік желі 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -33–35 градус аяз, күндіз -28–30 градус аяз.

Қарағанды облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан жел 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с, оңтүстікте кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде -20–25 градус аяз, солтүстік пен шығыста -28–33 градус аяз, оңтүстікте -15 градус аяз, күндіз -15–20 градус аяз, солтүстік пен шығыста -23 градус аяз, оңтүстікте -10 градус аяз.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде -22–24 градус аяз, күндіз -16–18 градус аяз.

Ұлытау облысында күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде қар. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-шығыс және шығыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде -14–19 градус аяз, солтүстікте -22 градус аяз, оңтүстікте -11 градус аяз, күндіз -6–11 градус аяз, солтүстікте -14 градус аяз.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -14–16 градус аяз, күндіз -8–10 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік пен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, орталық пен оңтүстікте 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -30–35 градус аяз, оңтүстікте -25 градус аяз, солтүстік пен шығыста қатты аяз — 40 градус, күндіз -23–28 градус аяз, оңтүстікте -15–20 градус аяз.

Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде -31–33 градус аяз, күндіз -23–25 градус аяз.

Абай облысында күн жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -30–35 градус аяз, солтүстікте -38 градус аяз, оңтүстікте -25 градус аяз, күндіз -22–27 градус аяз, оңтүстікте -12–17 градус аяз.

Семейде күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -31–33 градус аяз, күндіз -23–25 градус аяз.

Қызылорда облысында түнде облыстың оңтүстігі мен орталығында қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Солтүстік, оңтүстік және орталықта тұман, көктайғақ, боран. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан: түнде 15–20 м/с, күндіз 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5 градус аяз, солтүстікте -8 градус аяз, күндіз 0–5 градус аяз, оңтүстікте 4 градус жылы болуы ықтимал.

Қызылордада ауа райы бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ, боран. Кей уақытта тұман. Жел шығыстан түнде 15–20 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -2–4 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз.

Жамбыл облысында түнде облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарда қар, жаяу бұрқасын. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы жерлерде қар мен жаяу бұрқасын. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5 градус аяз, солтүстікте және таулы аймақтарда -8–13 градус аяз, күндіз 1–6 градус жылы, солтүстік пен таулы аудандарда -4–9 градус аяз.

Таразда күн ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -3–5 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы болады деп болжанды.

Өзгелердің жаңалығы