Сақалды құрылысқа қашан «жан» бітеді?

7 Маусым 2023, 19:25
919
Бөлісу:
Сақалды құрылысқа қашан «жан» бітеді?
Фото: BAQ.KZ Архив

Ақтау қаласында 17 шағын аудандағы «Атамекен» тұрғын үй кешенінің үлескерлері бірнеше жылдан бері баспаналарын ала алмай жүр. 2019 жылы аяқталуы тиіс үйдің әлі күнге дейін құрылысы бітпеген. Осы аралықта құрылыс компаниясының басшылары бірнеше рет ауысқан. Жиған-тергенін пәтер алуға бергендер енді қайдан барарын білмей отыр, деп жазады Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі

 Үлескерлер осыдан 4 жыл бұрын баспана кілтін алып, қоныстануы керек еді. Қазір құрылыс толық аяқталмай тоқтап қалған. Олардың айтуынша, үйге 120-дай адам 2 миллиард теңгеге жуық қаражат салған. Енді не үй жоқ, не ақша жоқ.

 Өзім 28 миллион теңге салдым. Сосын 15 млн салдым. Әрбіреуі бұл жерде 50 млндай салған. Салған ақшамызға қазір үй түспейді. Пәтер жалдап тұрамыз, қазір бізге үй керек. Исмағұлов деген «Багис» ЖШС-нің директоры. Бұрын бұл нысанды «Хан» ЖШС-дан алған екен. Хан сотталып кеткен. Исмағұлов - депутат. Былтыр Халибеков дегенді инвестор қылып алып келді. Әкімшілік айтқан кезде концепция бойынша мемлекеттен ақша бөлінуі керек деді. Соған байланысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 189, 190- бап бойынша. Істер тергеліп, экспертиза жүріп жатыр. Тергеу амалдары болып жатыр деген тек сөз. Нәтижесі жоқ»,- дейді. Ал Светлана Өтепбергенова: «Мәдениетті болдық, мәдениеттілікті сақтадық. Заң аясында жүрдік. Бірақ бізді доп қылып тепті. Бүгінгі күнгі дейін біресе анаған, біресе мынаған жұмсайды. Кім жауап береді? Мен білмеймін. Қанғып қалдық. 2019 жылы 2 млрд ақша мектеп салатын қаражат еді,- дейді Ақтау қаласының тұрғыны Дидар Бейнеубаева.

Ақтау қалалық әкімдігі бұл мәселеден хабардар. Жауапты мамандар соңғы 2 жылда тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізіпті. Мәселе шешілу үшін салымшылар тұрғын үй құрылысы кооперативін құру қажет екенін айтқан. 

Тұрғын үй құрылысы кооперативін құру арқылы аталған тұрғын үйдің мәселесінің жер учаскесін тұрғын үй құрылысы кооперативінің атына сот органдары арқылы рәсімдеу қажет. Осыдан кейін облыста құрылған МИБ-нің мәселесін қарау бойынша комиссияда қаралатын болады. Проблемалық деп статусын бергеннен кейін ғана әкімдіктің араласуымен мемлекеттік бюджеттен қаражаттар қаралып, тұрғын үй құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасатын болады, - дейді Ақтау қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Қуаныш Сембаев.

Әкімдіктегілердің ұсынысымен тұрғындар былтыр тұрғын үй құрылысы кооперативін құрған. Алайда, шешілген мәселе жоқ. Үлескерлер құқық қорғау органдарына да шағымданды. Бірақ, жарты жылға созылған тергеу нәтиже бермей тұр. Іс созбалаңға салынып кетеніне жұрт әбден ашынған. Тергеушілер болса, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. ҚР Қылмыстық Кодексі 189-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, құрылыс-техникалық және экономикалық сараптама тағайындалды. Қазір сараптама жүргізіліп жатқанындықтан қылмыстық іс тоқтап тұр. Сарапатама нәтижесі шыққан соң тергеу жұмыстары жалғасады, - дейді Маңғыстау облысы Полиция Департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Максим Юсупов.

Мәселе оң шешімін тапқанша жәбірленушілер арыздануын тоқтатпақ емес. Әрі қарай облыстық прокуратураға да шағымданданамыз деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы