Өзбекстанда сақал қойған еркектерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін бұл бап бойынша бетін толық жауып тұратын киім киген әйелдер жауапқа тартылса, енді сақал қойған еркектерге айыппұл салынып жатыр.
Мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелген.
Өткен жылдың 31 қазанында Өзбекстанда әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу туралы заң қабылданған еді.
Қазіргі уақытта сот қаулыларының деректер базасында жоғарыда аталған бапқа қатысты 789 іс тіркелген.