Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сақ болыңыз: алаяқтар жаңа әдіске көшті

Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Полиция азаматтарды интернет-сауда алаңдарында және хабарландыру сервистерінде жиілеген алаяқтық фактілері туралы ескертеді. Маркетплейстердегі тым арзан баға – алаяқтардың айласы болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция азаматтарды интернет-сауда алаңдарында және хабарландыру сервистерінде жиілеген алаяқтық фактілері туралы ескертеді. Алаяқтар көбіне сатып алушыларды шектен тыс төмен бағамен, сондай-ақ "шұғыл сатамын", "соңғы баға", "қазір алып кетеді" сияқты сөздермен асықтырып, алдауға тырысады.

Кең таралған тәсілдердің бірі – шынайы емес тауардың фотоcын, тіпті видеосын жіберу немесе хабарландыруға қою. Кейін "басқа сатып алушы бар" деп сылтауратып, алдын ала төлемді немесе толық ақыны аударуды талап етеді. Ақша түскен соң байланыс үзіледі: телефон өшіріледі, аккаунт жойылады, ал тауар мүлде жеткізілмейді.

Полиция қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Бейтаныс сатушыға алдын ала төлем жасамаңыз, төлемді маркетплейстен тыс аудармаңыз. Тек платформаның қауіпсіз мәміле және ресми төлем қызметтерін қолданыңыз. Сатушыны міндетті түрде тексеріңіз: пікірлер, тіркелген уақыты, белсенділігі, жарияланым тарихы.

Бағаны салыстырыңыз: тым арзан баға – күмәнді белгі. Ең маңыздысы ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді айтпаңыз. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз немесе күмәнді әрекет байқасаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы