Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сәпиев пен Есімхановтың төбелесі: Министр пікір білдірді

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 12:41
134
Бөлісу:
VIDEO

Қарағанды облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты оқиғадан кейін қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімдікте болған жағдайға байланысты тексерістер басталды. Мемлекеттік істер қызметі де өз бағасын береді. Қазір уәкілетті органдардың жауабын күтіп отырмыз, - деді Мырзабосынов Үкімет отырысынан соң.

Одан әрі министр екі спортшы да мемлекеттік қызметке келмес бұрын арнайы критерийден өткенін түсіндірді.

Серік Сәпиев депутат болған, министрліктің Дене шынықтыру және спорт комитетін үш жылдай басқарды, Ұлттық олимпиада комитетінде қызмет атқарған азамат. Елімізде 16 олимпиада жеңімпазы болса, соның біреуі сол кісі және өз туған өлкесіне барып өз тәжірибесімен, өзінің өткен жолымен бөлісуге жіберілген болатын. Ал орынбасары бойынша айтарым, ол да арнайы критерийлер арқылы мемлекеттік қызметке өткен. Спортта да мансабы бар. Жалпы басқарма басшысын да, оның орынбасарын да жергілікті әкімдік тағайындайды, - дейді Мырзабосынов.

Бұған дейін полиция соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда оқиғаның мән-жайы мен себептері жария етілмеген еді.

Олимпиада чемпионы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қатысқан төбелестің видеосы желіде тарады.

23 қаңтар, жұма күні Сәпиев Instagram-дағы парақшасында рингтен тыс күш қолданбайтынын айтып, орынбасары Даурен Есімхановпен болған жанжалға қатысты пікір білдіріп еді.

Айта кетейік, Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебін видео арқылы түсіндірді.

Өз кезегінде Джиу-джитсудан әлем чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Даурен Есімханов олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы