Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қызметінен босатылды.
Ол спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен өз еркімен кетті, - деп хабарлады сейсенбіде Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Серік Жұманғалиұлы Қарағанды облысы Абай қаласында 1983 жылғы 16 қарашада дүниеге келген.
2002-2004 жылдары - Қарулы күштер қатарында борышын атқарған.
2003-2009 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.
2011-2014 жылдары - тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген.
2014-2016 жылдары - Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған.
2014 жылы - «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған.
2004-2014 жылдары - келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған.
2010-2012 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ спорт жөніндегі директоры, 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы, 2014-2017 жылдары - ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры болған.
2017-2019 жылдары VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған.
2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.