Сәпиев енді не істейтіні туралы айтты

19 Қазан 2021, 22:20
4490
Бөлісу:
Сәпиев енді не істейтіні туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді.

Достар! Мен, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен, осы қызметті атқарған жылдары, жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме рахметімді білдіремін! Алайда, еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын, - деді Серік Сәпиев Instagram-да.

Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап басқарды. Бұған дейін оның жұмыстан өз еркімен кеткені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы