Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сатып алу саласында мердігер компаниялардың жұмыстарды немқұрайлы және сапасыз орындауы мен қызмет көрсету жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық терге-тексеру департаменті Шымкент қаласының аумағында құрылыстан бастап ірі жылыту және сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсетуге дейінгі түрлі салалардағы бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар кешеніне бастама берді. Мысалы, қала көшелерінде тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттері бұзылған, ауыз су және жылыту құбырларын орнатқаннан кейін асфальт жолдары жөнделмеген, рұқсат етілмеген жерде электр бағаналар орнатылған және т.б. Бұл ретте, құжаттарға қол қойылды, ал жұмыстар сапасыз орындалған - делінген хабарламада.
Осындай бұзушылықтарға жол бермеу үшін Шымкент қаласы бойынша ЭТД Шымкент қаласының әкіміне жосықсыз компанияларды тәуекелді кәсіпорындар тізіміне енгізу туралы ұсыныс жолдады.
Сондай-ақ, әкімдікпен бірлесіп, ҚР Қаржы министрлігіне хат жолданды, соның негізінде аталған кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуға жосықсыз кәсіпкерлер ретінде қатысуға жіберілмейтін болады.