Тоқаевтың Қырғызстанға сапарында қандай мәселелер талқыланады

25 Қараша 2019, 17:41
1838
Бөлісу:
Тоқаевтың Қырғызстанға сапарында қандай мәселелер талқыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 27 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғыз еліне мемлекеттік іссапармен барады.

Іссапар аясында не талқыланатыны туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомтсвода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Президенттің іссапар бағдарламасы республика басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты келіссөздерді жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті V отырысына қатысуды қарастырады. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси, сауда экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелері қаралатын болады, - деді Айбек Смадияров.

Оның сөзіне сүйенсек, тараптар мемлекет басшыларының бірлескен декларациясы және Жоғары мемлекетарлық кеңестің шешімдері, екі ел арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламаның, сондай-ақ басқа да үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіту сияқты бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. 

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өскендігіне баса назар аударған жөн.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 389,4 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт осы кезеңде 269,2 млн АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. 

Сонымен қатар, 28 қарашада Бішкекте мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Ұйымға мүше мелекеттер басшылары өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылайды. Осы жылғы Ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асырудың қорытындысын шығарады деп күтілуде. 
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2019-2021 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі ұйым елдерінің жоспарын, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қосымша шаралар тізбесін бекітуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді өз сөзін ҚР СІМ баспасөз хатшысы.
Өзгелердің жаңалығы