Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

18 Қаңтар 2021, 12:39
1292
Бөлісу:
Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар мектептердің құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

100 жылдық тарихы бар №4 мектеп қазір 180 орынға есептелген жаңа ғимаратта орналасуда. Жоба құны 693 миллион теңгені құрайды. Бүгінде барлық оқушылар дәстүрлі форматта білім алуда. Мектеп құрылысы сапалы жүргізіле отырып, небары жеті айда салынған. Аймақ басшысы жұмыстың сапалылығын өзі арнайы барлады. Ол білім беру мекемесінің директоры Сейтхан Тотаевпен бірге мектептегі 16 кабинетті, спорт зал және асхананы аралап, танысты. Шағын үш қабатты ғимарат ашық түстермен, ішкі жайлылықпен және барлық қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді. Нысан жеделсатымен қамтылған. Бөлек шағын ғимаратта ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар орналасқан.

Бердібек Сапарбаев аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға, спорт алаңшасын салуға назар аударуды тапсырды.

Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

№2 орта мектептің 1910 жылы салынған ескі ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа нысан салынуда. Оқу орнының директоры Светлана Гурскаяның айтуынша, балалар №9 орта мектепте уақытша оқуда, онда оларға 14 кабинет қарастырылған. 28 оқу кабинеті бар негізгі ғимарат үш қабатты және спорт залы, асхана мен кітапхана орналасатын екі қабатты қосымша ғимараттан тұрады. Шатырды жабуға черепица материалы қолданылуда.

Егер үлгерсеңіздер, төртінші тоқсанының басына дейін жұмысты аяқтаңыздар. Ең бастысы – жұмыс сапалы жүргізілуі, - деді өңір басшысы.
Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

№16 орта мектеп жаңа оқу жылына қарай 348 орынды қосымша ғимаратпен қамтылмақ. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда екі ауысымда 1,5 мыңнан астам бала оқиды, олардың бір бөлігі қосымша құрылыс аяқталғанға дейін әзірге көрші №28 мектепте білім алуда.

Құмшағал және Шөлдала алқаптарында тұратын көптеген ата-аналар балаларын жақын маңдағы мектепке емес, біздің мектепке оқытуға тырысады. Мәселе осыдан туындай, - дейді Ж.Оңғарбаева.
Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

Облыс әкімі мердігерге жұмысты толығымен орындауды, ішкі жылы санитарлық тораппен қамтуды, спорт алаңшасын салуды және аумақты абаттандыруды тапсырды. Мүмкіндігінше нысанды Наурыз мейрамы қарсаңында пайдалануға беруге күш салуды баса айтты.

Сатып алынатын парта, тақта, басқа да жабдықтардың сапасына ерекше назар аудару керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенованың айтуынша, өткен жылы алты жаңа мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл сегіз мектептің құрылысы аяқталмақ.

Сондай-ақ, аймақ басшысы орталық стадион жанындағы скверге арнайы ат басын бұрды. Мұндағы Абай мен Сүлейменов көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін апаратын жаяу жүргіншілер аллеясын кеңейту қажеттігіне назар аударылды. Істеусіз тұрған субұрқақтарға қатысты ұсыныстар қаралмақ. Тараз жұртшылығынан орталық стадионға аты аңызға айналған балуан, халық ақыны және композитор Балуан Шолақтың есімін беру және тарихи тұлға ескерткішін «Тараз-Арена» спорт сарайының алдынан облыстың бас стадионына көшіру туралы ұсыныстар түскен. Қазіргі таңда осы ұсыныстарға бойын зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде жамбылдықтардың 32 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады десек, ағымдағы жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

Біз атқарушы органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың қосымша индикаторын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл спорттық нысандардың, оның ішінде мектеп спорт залдарының жүктелу деңгейіне қатысты, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы