"Сапалы жол": Елорда жолдары қатаң бақылауда

18 Тамыз 2020, 22:20
1592
Бөлісу:
"Сапалы жол": Елорда жолдары қатаң бақылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сапалы жол" жобасы аясында елордадағы автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу сапасы қатаң бақылауда.

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК-мен бірлесіп, жыл басынан бері әкімдікке қарасты басқармалар, жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды тұлғалар және қоғам өкілдерінің қатысуымен мониторинг жасауда.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жұмыс тобының ұсынысы бойынша мердігер ұйымдармен дереу қалпына келтіріліп отырады.

Мәселен, Ақбидай көшесінде орналасқан, ұзындығы 370 метрді құрайтын жолды күрделі жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге бөлінген. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйым - "Астана автострой" ЖШС.

Айта кету керек, Ақбидай көшесінде жөндеу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізілмеген, осыған байланысты жақын маңдағы тұрғындардың жүруіне қиындық тудырғанын айта кету керек.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл учаскедегі жолдың қалыңдығы құрылыс нормаларына сәйкес келмейді. Ірі және ұсақ түйіршікті қоспаның қалыңдығы 4 сантиметрден аспайды. Бұл жағдайлар жолдың тез бұзылуына әкеп соғады.

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК ұсыныстарына сәйкес автокөлік жолдарының құрылыс нормаларына сәйкес келтірілуі керек.

Сондай-ақ, жұмыс тобы Өндіріс, Д.Бабатайұлы және Шұғыла шағын ауданы көшелерінде автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы