Сапалы білім мен саналы тәрбие. Көлгінов министрлік алдындағы міндеттерді атады

12 Қаңтар 2023, 19:23
967
Бөлісу:
Сапалы білім мен саналы тәрбие. Көлгінов министрлік алдындағы міндеттерді атады

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов министрліктің алдында тұрған міндеттерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлгінов бүгін білім және оқу-ағарту саласындағы көптеген мәселені талқыға салынғанын атап өтті.

Әр адамның өмірінде, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуында мектеп баға жетпес рөл атқаратыны белгілі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мектеп қабырғасында берілетін білімнің сапасынан, ұстаздың шәкірт бойында қандай құндылықтарды сіңіргеніне тікелей байланысты, - деп айтты ол.

Бүгінгі күні елімізде 6 млн-нан астам бала бар. Оның 1 млн-нан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда, ал 4 млн-ға жуығы мектепте оқиды.

Оқу-ағарту министрлігінің басты міндеті – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізінде жас ұрпақтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету бойынша біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға, Президенттің сайлауалды бағдарламаларын іске асыруға баса назар аударуы қажет, - деп атап өтті ол. 

Өзгелердің жаңалығы