Санжар Тәшкенбай: Финалда жеңіске жету өте қиын болды

26 Желтоқсан 2021, 16:10
1070
Бөлісу:
Санжар Тәшкенбай: Финалда жеңіске жету өте қиын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Оралда өткен Қазақстан біріншілігінде жастар арасындағы әлем чемпиоы Санжар Тәшкенбай топ жарды. 

Ересектер арасындағы алғашқы додасына қатысқан талантты боксшы өз жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz. 

Бұл менің ересектер арасындағы ел біріншілігіне алғаш қатысуым. Жекпе-жектердің ешқайсысы да оңай болған жоқ. Әсіресе, финалда жеңіске жету ауыр соқты. Ақтық сында былтырғы ел чемпионы, оралдық Даниял Сәбитпен кездескен едім. Қуанышқа қарай, жеңіске жеттім. Чемпион атану маған көптеген мүмкіндіктер береді. Ендігі мақсатым - ұлттық құрама сапында Азия біріншілігіне дайындалу, - дейді Санжар. 

Айта кетелік, Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанды.

Өзгелердің жаңалығы